Алматы қаласының Алмалы ауданында әрқайсысы 40 тонналық контейнерлерден екі қабат етіп құрастырылған қоймалар өртенді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Сонымен қатар өрт екі қабатты әкімшілік ғимараттың бір бөлігіне таралған.
Қойма ішіндегі жоғары температура, көп мөлшердегі материалдық құндылықтар және өрт ошағына жетудің қиындығы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты.
Өрт 18 қазанға қараған түні толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.


