Қазақстанда 2027 жылдан бастап автонесие алу қиындауы мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір автонесиелерге қойылған жеңілдіктер тоқтатылуы ықтимал. Мұндай жағдайда банктер қарыз алушыларға қойылатын талаптарды қатаңдатуы мүмкін, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қазір Қазақстанда қарыз жүктемесі коэффициентінің (ҚЖК) стандартты шегі 50% деңгейінде. Яғни ай сайынғы расталған табысы 400 мың теңге болатын адамның барлық несие бойынша төлемі, әдетте, 200 мың теңгеден аспауы керек.

Қазіргі уақытта кейбір автонесиелер бұл талаптан босатылған. Егер жеңілдік ұзартылмаса, 2027 жылдан бастап оларға да жалпы талаптар қолданылуы мүмкін. Алайда Ұлттық банк әзірге түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

Ұқсас ақпараттар