Желіде тараған видеодан ер адамның лифт есігін бірнеше рет тепкілеп, кіреберістегі балалар арбасын аударып жібергені көрінеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұдан кейін ол іш киімін шешіп, арбаның ішіне дәрет сындыруға әрекеттенген.
Полиция оның ұсталғанын хабарлады.
«Ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін екі ер адам әкімшілік жауапқа тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Сонымен қатар 30 жастағы ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін жауапқа тартылды», — деп хабарлады полиция.

