Navai-дің анасы ұлының есірткі контрабандасына қатысы жоғын айтты

Қазақстанда есірткі контрабандасына оқталу күдігімен ұсталған ресейлік рэпер Navai-дің анасы Айнұр Бакирова ұлына әдейі жала жабылған деп есептейді. Ол әншінің жақын арада босатылатынына сенімді екенін ресейлік БАҚ-қа берген сұхбаттарында мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

112 Telegram-арнасына берген сұхбатында Бакирова ұлының ұсталуын әдейі ұйымдастырылған жағдай деп атаған. Оның сөзінше, рэпер гастрольдік сапарда жүргендіктен, мұндай іске қатысуға уақыты болмаған.

Сондай-ақ әншінің анасы рэпер Bahh Tee-дің өзімен байланысқа шыққанын айтты. Оның айтуынша, ол Navai-дің жағдайы жақсы болатынына және келесі күні босатылатынына сендірген.

Ал Super басылымына берген сұхбатында Бакирова ұлының командасы да алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізгенін мәлімдеді. Күзетшісі оған мәселе шешілгенін, рэпердің айыппұл төлеп, босатылуы мүмкін екенін айтқан.

Ұқсас ақпараттар