Оқу-ағарту министрлігі Алматыдағы республикалық физика-математика мектебіндегі жағдайға байланысты жедел шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Білім ордасында мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ас блогында санитариялық талаптар бұзылған. Шектеу шаралары енгізіліп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Оқу-ағарту министрлігі мектеп басшылығына санитариялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нұсқау берді. Оқу процесі уақытша қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылды.


