Полицияның мәліметінше, 13 қазанда «Қордай» өткізу бекетінде Қазақстанға кірмек болған NAVAI лақап атымен танымал шетелдік азамат ұсталған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп жүргізілген тексеру кезінде ол мінген көліктен есірткі заты табылып, тәркіленген.
Аталған дерек бойынша есірткі контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


