Қазақстанда ең төменгі жалақы 2027 жылдан бастап өсуі мүмкін

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 2027 жылдан бастап көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Министрдің айтуынша, бұл мәселені Үкімет пен Президент Әкімшілігі қарастырып жатыр. Алайда әзірге нақты мерзімі белгісіз.

«Нақты мерзімін айта алмаймын. Бұл — жақын болашақта шешілуі мүмкін мәселе. Егер көтерілсе, келесі жылдан бастап күшіне енеді», — деді министр.

Қазіргі уақытта 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында ең төменгі жалақыны 85 мың теңге деңгейінде сақтау көзделген.

Дегенмен бюджет жобасы үш оқылымда қаралады. Құжат әзірге бірінші оқылымда ғана мақұлданғандықтан, оған өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Ұқсас ақпараттар