Онлайн-казиноға 10 млрд теңгеден астам ақша аударған дропперлер ұсталды

Қазақстанда онлайн-казиноға ақша аударуға көмектескен трансшекаралық дропперлік желілердің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Түркістан облысы мен Алматыда Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар 89 қазақстандық банк картасын пайдаланып, 500 млн теңге аударған.

Ал Жамбыл облысында айналымы 9,8 млрд теңгеден асатын тағы бір топтың заңсыз әрекеті әшкереленді. Олар Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының, тіпті кәмелетке толмағандардың да банк шоттарын пайдаланған.

Күдіктілерден түрлі банктердің 180 төлем картасы, смартфондар, 50 мың АҚШ доллары, 27 мың USDT, төрт автокөлік, қару мен оқ-дәрі тәркіленді. Бес күдікті қамауға алынды.

Ұқсас ақпараттар