Қайғылы оқиға 13 шілдеде болған. Жанжал кезінде ер адам қызға пышақпен бірнеше рет соққы жасап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды хабарлайды Sayasatlive.kz.
Кейін бойжеткеннің денесі Бородулиха ауылындағы қара жолдан табылған.
Сот айыпталушыны 14 жылға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар ол марқұмның жақындарына моральдық зиян үшін 20 миллион теңге, материалдық шығынға 1,1 миллион теңге және өкілдік шығындарына 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.

