Әзірбайжанда хиджаб киген қыздарды мектепке кіргізбей қойған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Осыдан кейін елде жаппай наразылық басталды.
21 қыркүйекте ел үкіметі мектеп формасына қатысты ережелерін өзгертті. Онда зайырлы білім беру қағидаттарына сай келмейтін киімді киюге шектеу қойылған. Алайда қаулыда хиджабқа тікелей тыйым салынбаған.
Десе де бұл жұртшылыққа жақпай, оқушылар мен ата-аналар наразылыққа шықты. Олар діни киім үшін балаларды білім алу құқығынан айыруға болмайтынын айтты.
Кей жерлерде наразылық тәртіпсіздікке ұласқан. Мектептердің терезелері сынып, мектеп директорының көлігі өртелген. Тағы бір мектепке өрт қою әрекеті болған.
Қазір елде 37 адам ұсталған. Оларға қатысты қылмыстық істер қозғалған.


