Ақмола облысында ауыр қақпа ер адамның үстіне құлады

Солтүстік өнеркәсіп аймағында өндірістік жазатайым оқиға болды. Қалқа астындағы ауыр қақпа құлап, 35 жастағы ер адамды басып қалған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Полицияның мәліметінше, 1991 жылы туған ер адам өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қабырғасын сындырған. Ол ешкімге шағымы жоқ екенін айтқан.

Ал еңбек инспекциясы департаментіне жұмыс берушіден оқиға туралы ресми хабарлама түспеген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас ақпараттар