Қазақстандықтар шетелден гөрі ел ішінде жиі саяхаттай бастаған ба?

Қазақстанда ішкі туризм көрсеткіші соңғы жылдары айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

2019 жылы елдегі қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарының қызметін 5,29 миллион отандық турист пайдаланса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8,66 миллионға жеткен.

Осылайша, жеті жылда ішкі туристер саны 3,37 миллион адамға артқан.

Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында ішкі туристер санын 11 миллионға жеткізу міндеті қойылған.

Осы мақсатта туристік инфрақұрылымды жақсарту, салаға инвестиция тарту, жаңа туристік бағыттарды дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру көзделіп отыр. Жаңартылған тұжырымдама аясында алты бағыт бойынша 66 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар