Эр-Рияд әуежайына екі күн қатарынан шабуыл жасалды

Сауд Арабиясының астанасындағы Король Халид атындағы әуежайға екінші күн қатарынан соққы жасалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Соңғы шабуыл салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған. Терминалдардың бірінде өрт шыққан.

Бұған дейінгі шабуылдан 13 адам қаза тауып, 300-ден астам адам зардап шеккені хабарланған. Әуежай өткен аптада да шабуыл нысанасына айналған.

Осы оқиғаларға байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптады. Ведомство зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырып, қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар