АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығына шүйлікті

АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының оңтүстікафрикалық заңгер Наванетхем (Нави) Пиллэйге берілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында бейбітшілік орнату жолындағы еңбегі үшін бұл марапатқа өзін лайық санайтынын жазған. Трамптың айтуынша, ол сыйлықтың жаңа иегері туралы және оның қандай еңбегі үшін марапатталғанынан хабарсыз. Ал өзі сегіз соғысты тоқтатқанын айтып, бір емес, сегіз Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық екенін жеткізді.

АҚШ президенті соғыстарды реттеуге үлес қостым деген елдер мен тараптарды атап өтті. Олардың қатарында Камбоджа мен Таиланд, Косово мен Сербия, Конго Демократиялық Республикасы мен Руанда, Пәкістан мен Үндістан, Израиль мен Иран, Мысыр мен Эфиопия, Армения мен Әзербайжан, сондай-ақ Израиль мен ХАМАС бар.

Ұқсас ақпараттар