Еңбек министрлігі жалақыны «конвертпен» алудың салдары туралы ескертті

Министрлік келтірген мысалға сәйкес, бала күтіміне байланысты төлемді есептеу кезінде орташа айлық кіріс 300 мың теңге болса, 40 пайыздық коэффициентпен 120 мың теңге төленеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ал ресми кіріс 150 мың теңге деп төмендетіліп көрсетілсе, төлем 60 мың теңгеге дейін азаюы мүмкін.

Мамандар жұмыскерлерге еңбек шартын тексеріп, әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарнасының уақытылы түсуін бақылауды ұсынды. Еңбек құқығы бұзылған жағдайда еңбек инспекциясына жүгінуге болады.

Ұқсас ақпараттар