Астанаға 3 келі мефедрон кіргізбек болған екі адам ұсталды

Астанаға кіреберісте полицейлер KIA көлігін тоқтатқан. Көліктің ішінде 20 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыз болған. Тексеру кезінде салоннан екі вакуумдалған пакет салынған қорап табылды. Олардың ішінде 2 келі мефедрон болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Кейін күдіктілер тұрған пәтерді тінту кезінде полицейлер тағы шамамен 1 келі осы затты және есірткіні өлшеп, қаптауға арналған заттарды анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұқсас ақпараттар