Астанада үш ер адам қыздардың атынан жалған Telegram аккаунттарын ашып, азаматтарды кездесуге алдап шақырған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Кейін оларды қала сыртына күштеп әкетіп, ұрып-соққан. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Күдіктілер жәбірленушілерді масқаралайтын бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, 2,2 млн теңге бопсалаған. Сондай-ақ бірін микроқаржы ұйымынан несие алуға мәжбүрлеп, екіншісінің көлігін иемденген.
Сот үш ер адамды адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін кінәлі деп танып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

