Президент: Каспий ахуалы әлемдік қоғамдастыққа да зардабын тигізеді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий экология саммитінде айтты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

«Каспий – бірегей табиғи қазына, миллиондаған адамның тіршілік көзі, күллі Еуразия құрлығындағы негізгі көлік және энергетика торабы. Сондықтан теңіз экожүйесін сақтауға, ең алдымен, біздің мемлекеттеріміз мүдделі болуы керек. Осы орайда, мұны тек экологиялық дағдарыс емес, салдары өте қауіпті экономикалық ахуал деп бағалаған Иран Президенті Масуд Пезешкиан мырзаның пікірін құптаймын. Егер қазір жедел әрі батыл шаралар қабылданбаса, экологиялық жағдай күрт нашарлауы ықтимал. Бұл Каспий маңында орналасқан елдердің халқына ғана емес, әлемдік қоғамдастыққа да зардабын тигізеді», — деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас ақпараттар