Трамп Ресей АҚШ пен әлемдік нарыққа дизель отынын жеткізетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен сөйлескенін және Ресейдің дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Трамптың Truth Social желісіндегі жазбасына сәйкес, Ресей жақын арада АҚШ пен әлемдік нарыққа 300 мың тоннадан астам дизель отынын жеткізуге тиіс. Қараша айында тағы 500 мың тонна, одан кейін 1 миллион тонна жеткізу жоспарланғанын айтты.

Сондай-ақ Трамп Ресей мұнай өңдеу зауыттарының мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша 3 миллион тонна дизель отынын қысқа мерзімде жеткізуге болатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ-тың Ормуз бұғазына толық бақылауы және Ресей энергия ресурстарына қатысты бұл келісім дизель отынының бағасын АҚШ-та да, әлем бойынша да айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Ұқсас ақпараттар