Жүрсін Ерманның мерейтойы өтті: Ақынға су жаңа көлік сыйға тартылды

Ұлытау облысында қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Мерейтой аясында ақынға жерлестері атынан су жаңа автокөлік табысталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Салтанатты шара XXXIV республикалық “Ұлытау үні” фестивалі аясында ұйымдастырылды. Мерейтойға орай республикалық ақындар айтысы өтіп, еліміздің әр өңірінен келген өнер майталмандары бас қосты.

Айтыс барысында Жүрсін Ерманға ерекше құрмет көрсетілді. Ұлытаулықтар мен облыс әкімі Есет Байкеннің атынан мерейтой иесіне жаңа автокөліктің кілті табысталды.

Бұл сыйлық – саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен ұлттық өнердің дамуына арнаған, айтыстың кеңінен танылуына зор еңбек сіңірген ақынға деген жерлестерінің ықыласы.

Ұқсас ақпараттар