Қытайда 1–7 қазан аралығындағы Ұлттық күн мерекесінде ел ішіндегі сапарлар саны 2,142 миллиардты құрады. Орта есеппен тәулігіне 306 миллион сапар тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға көп, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ең жоғары өсім теміржол саласында байқалды. Бір аптада пойыздар 151,9 миллион жолаушы тасымалдаған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 12,7%-ға артық.
Ал автокөлікпен жасалған сапарлар саны 1,962 миллиардқа жетіп, 0,3%-ға төмендеген. Сарапшылар мұны жанармай бағасының өсуімен және кейбір туристік аймақтардағы қолайсыз ауа райымен байланыстырады.
Осы кезеңде су көлігі 10,93 миллион жолаушыға қызмет көрсетсе, әуе көлігімен 16,92 миллион адам сапарлаған.
Бір апта ішінде Қытай азаматтары мен шетелдік туристердің шекарадан өтуі 15,5 миллион рет тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7%-ға көп. Шетелдік саяхатшылардың 74%-ы Қытайға визасыз режим арқылы кірген.


