Елімізде талдау нәтижесін емханаға бармай алуға болады

Қазақстандықтар енді емханаға бармай-ақ тексеру нәтижелерін ала алады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Талдау қорытындылары емделушінің жеке кабинетіне автоматты түрде жіберіледі. Бұл норма алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету стандартына енгізілді.

Жаңашылдықтың мақсаты — медициналық көмекті қолжетімді етіп, пациенттің уақытын үнемдеу. Құжатта емханалардың жұмысын бағалаудың бірыңғай 100 балдық жүйесі де қарастырылған.

Енді медициналық ұйымдардың қызметі нақты көрсеткіштер бойынша бағаланады.

Ұқсас ақпараттар