Астанаға кіреберісте полицейлер KIA көлігін тоқтатқан. Көліктің ішінде 20 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыз болған. Тексеру кезінде салоннан екі вакуумдалған пакет салынған қорап табылды. Олардың ішінде 2 келі мефедрон болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Кейін күдіктілер тұрған пәтерді тінту кезінде полицейлер тағы шамамен 1 келі осы затты және есірткіні өлшеп, қаптауға арналған заттарды анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

