АҚШ президенті Дональд Трамп жақында тағы бір соғысты, яғни тоғызыншы соғысты тоқтататынын мәлімдеді. Ол бұл сөзбен көбіне Украинадағы қақтығысты меңзейді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Мен сегіз соғысты тоқтаттым, енді тағы біреуі қалды», — деді Трамп Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында.
Ол бұл сөзді Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық екенін айтып жатқан кезде айтты.

