Мектепте пышақпен шабуыл жасалды: бір оқушы қаза тапты

Түркияның Ыстамбұл қаласында мектеп оқушыларына пышақпен шабуыл жасалып, бір бала қаза тапты. Тағы жеті оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиға 6 қазанда Башакшехир ауданындағы Каябашы шағынауданында болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 08:40-та Каяшехир Шейх Шамиль Имам Хатип орта мектебінде болған. Тергеудің бастапқы мәліметіне сәйкес, басқа білім ордасында оқитын 2011 жылы туған 15 жастағы жасөспірім мектеп аумағына келіп, өзімен бірге алып келген пышақпен оқушыларға шабуыл жасаған.

Шабуыл салдарынан сегіз оқушы жараланып, олардың барлығы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Кейін ауыр жараланған оқушылардың бірі көз жұмды. Қалған жеті баланың емі жалғасып жатыр. Жараланғандардың жасы 10 мен 13 аралығында екені хабарланды.

Ұқсас ақпараттар