Алматы облысында мешітте ұстаз шәкірттерін аяусыз ұрып-соққан

Желіде тараған видеодан мешіттегі оқу сыныбында ұстаздың жасөспірімдерді бірнеше рет ұрып, қамшыға ұқсас затпен сабағынын көруге болады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

ҚМДБ оқиғаның маусымда Қарасай ауданындағы «Түркістан-1» мешітінде діни сауаттылық бойынша курс кезінде болғанын растады.

Мүфтият мәліметінше, оқушылар арасында жанжал туындаған.

«Мешіт ұстазы балаларды тәртіпке шақыру кезінде эмоцияға беріліп, педагогикалық әдепке сай келмейтін әрекетке жол берген», — делінген мүфтият мәлімдемесінде.

Оқиғадан кейін ұстаз өз қателігін мойындап, оқушылардың ата-аналарынан кешірім сұраған.

ҚМДБ ата-аналардың оқытушыға шағымы жоқ екенін хабарлады.

Мешіт ұстазы қызметінен босатылды.

Ұқсас ақпараттар