Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтап, үйіне оралды

Бекет Қуандық қаза тапқан қатарластарына арнап әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ол бірге қызмет еткен сарбаздардан айырылу өзіне ауыр тигенін айтып, олардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Бірге қызмет еткен, бір сапта жүрген жігіттерден айырылу – жүрекке ауыр соққы. Мен аман қалғаныммен, сол күнгі қайғы мен қасірет жүрегімде мәңгі қалады. Қасымда болуы тиіс бауырларымның енді арамызда жоқтығы жанымды ауыртады», — деп жазды ол.

Кейін оған әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалі табысталған.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.

Ұқсас ақпараттар