Қорғаныс министрі әскери бөлімдерге ескертусіз барып, бірқатар кемшілік тапты

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің біріне алдын ала ескертусіз барып, тосын тексеру жүргізді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Министр әскери бөлімдегі күнделікті қызметтің ұйымдастырылу барысымен, әскери қызметшілердің орналасу және тұрмыс жағдайымен танысты. Сондай-ақ бөлім аумағындағы нысандарды аралап, инфрақұрылымның қазіргі жай-күйін бағалады.

Тексеру барысында казармалардың жағдайына, әскери қызметшілерге жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға және бөлім инфрақұрылымының талапқа сай болуына ерекше назар аударылды.

Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі анықталған мәселелерді жою және әскери қызметшілердің тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас ақпараттар