Ресей президенті Владимир Путин бейсенбі күні Мәскеудің Украинадағы жағдайды реттеу жөнінде келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Украинамен соғысқысы келмейді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Біз Украинамен соғысқымыз келмейді. Бірақ егер қазіргі украин басшылығы соғысқысы келсе, соғыса берсін», — деді Путин ВГТРК тілшісі Павел Зарубинге.
Путиннің сөзінше, осы аптада АҚШ өкілдерімен өткен келіссөздер барысында үшжақты байланыстарды қайта жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.
Оның айтуынша, келіссөздерде бейбіт келісім жасалғаннан кейін Украина мен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланбақ.


