Hyundai көлігінің жүргізушісі автобус жолағына тоқтап, қоғамдық көліктің жүруіне кедергі келтірген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ол автобус жүргізушісімен жанжалдасып, көліктің әйнегін бірнеше рет ұрып, балағат сөздер айтқан.
Полиция 27 жастағы ер адамды ұстады. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сондай-ақ оның көлік жүргізу құқығы уақытша тоқтатылғанына қарамастан, рөлге отырғаны анықталды.
Өзге де жол ережелерін бұзғаны үшін оған қосымша әкімшілік шаралар қолданылды.

