Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері ресми іс-шараларда алған сыйлықтарды мемлекеттік ұйымдарға тегін бере алады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Егер ұйым сыйлықты қабылдамаса, шенеунік оны бағалау құны бойынша сатып ала алады. Ал сатып алудан бас тартқан жағдайда, сыйлық сатылымға шығарылуы мүмкін.
Мемлекеттік орган немесе әкімдік сыйлықты ұйым балансына қабылдау қажеттігі туралы қорытындыны 10 жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс.
Жаңа қаулы 30 қазанда күшіне енеді.


