Қазақстанда алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Қаскөйлер өздерін киберполиция қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды ақшасынан айырылуы мүмкін деп қорқытады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Алдымен олар байланыс операторының немесе коммуналдық қызметтің атынан қоңырау шалады. Кейін қайта хабарласып, өздерін киберполиция қызметкері ретінде таныстырады да, жәбірленушінің ақшасына қауіп төніп тұрғанын айтады.

Ақшаны қорғау сылтауымен алаяқтар SMS-кодты немесе банк деректерін сұрайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Полиция нағыз қызметкерлер SMS-кодтарды сұрамайтынын және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етпейтінін еске салады.

Ұқсас ақпараттар