Атырауда алтыншы сынып оқушысы мектепке пышақ алып келген

Атыраудағы №14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал шығып, олардың бірінен пышақ табылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Оқиға 21 қазанда болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқушы мектепке пышақ әкеліп, өзін ренжіткен сыныптастарына қоқан-лоқы көрсеткен.

Басылымның жазуынша, бала қатарластары тарапынан буллингке ұшыраған болуы мүмкін. Дегенмен бұл жайттың нақты мән-жайы әзірге белгісіз.

Пышақты көрген оқушылар мұғалімге хабарлаған. Педагог полиция қызметкерлері мен жанжалға қатысқан балалардың ата-аналарын шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Ұқсас ақпараттар