Есірткі қосылған «печеньелер»: Астанада интернет-дүкеннің бес мүшесі ұсталды

Елордада каннабис қосылған ерекше кондитерлік өнімдер мен ірі көлемде есірткі сатып келген ұйымдасқан топ қолға түсті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Олар «ұйымдастырушы – буып-түюші – қоймашы – закладчик» жүйесімен жұмыс істеген.

Күдіктілерден:

салмағы 100 грамнан болатын 238 дана каннабис шайыры қосылған печенье;

12 келі есірткі;

Вакуумдау аппараттары, таразылар және ірі көлемде ақша тәркіленді.

Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас ақпараттар