Үкімет бекіткен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа ережелері 2027 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Төлем мөлшері отбасының табысы мен өңірдегі кедейлік шегіне қарай есептеледі.
Шартсыз ақшалай көмекті зейнеткерлер, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, екі айдан астам уақыт еңбекке жарамсыз азаматтар және жұмыс істейтін адамы жоқ кейбір отбасылар ала алады.
Шартты ақшалай көмек алу үшін әлеуметтік келісімшарт жасау қажет.

