Трамп Израильдегі сайлау қарсаңында Нетаньяхуды қолдады

АҚШ президенті Дональд Трамп 27 қазанға белгіленген парламенттік сайлау алдында Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қолдау білдірді. Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде Нетаньяхудың «мықты премьер-министр әрі жауынгер» екенін айтты. Сондай-ақ Израильдің үкімет басшысын Иранға қарсы тұрудағы АҚШ-тың ең маңызды әріптесі деп атады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Соңғы сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Израильдің қазіргі билеуші коалициясына парламенттегі көпшілік орыннан айырылу қаупі төніп тұр. Трамптың сөзінше, билікке басқа премьер-министр келген жағдайда, Вашингтонның Тегеранға қарсы әскери науқанды жалғыз өзі жалғастыруына тура келуі мүмкін. Нетаньяху АҚШ президентіне қолдауы үшін алғыс білдірді. Трамптың қолдауы Нетаньяху үшін өте маңызды болуы мүмкін. Себебі Израиль демократия институтының зерттеуіне сәйкес, сайлаушылардың жартысына жуығы партия таңдау кезінде Вашингтонмен қарым-қатынасты ескереді.

Ұқсас ақпараттар