Жапаров Әблязовпен не туралы сөйлесті?

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2020 жылы Мұхтар Әблязовпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Оның сөзінше, Әблязов Бішкекке келіп, Қазақстанда төңкеріс ұйымдастыруға рұқсат сұраған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жапаров телефонды өзіне қазір қамауда отырған Мелис Аспеков бергенін жеткізді. Қырғызстан басшысы әңгіме Әблязов айтқандай 40 минут емес, шамамен екі минутқа созылғанын алға тартты.

Президенттің айтуынша, Әблязов Алмазбек Атамбаев билігі кезінде Қырғызстан азаматтығын алғанын және қырғыз паспорты бар екенін айтқан. Жапаров оның ұсынысын қабылдамағанын мәлімдеді.

«Біріншіден, көрші елдердің саясатына араласпаймын. Екіншіден, сіз үшін Қазақстанмен қарым-қатынасымды бұзбаймын. Одан да келмей-ақ қойыңыз, өз ісіңізбен айналысыңыз дедім», — деді ол.

Ұқсас ақпараттар