eGov Mobile-да отбасының әл-ауқатын бағалау калькуляторы іске қосылды

Калькулятор арқылы азаматтар отбасының әл-ауқатын бағалау талаптарымен танысып, отбасының саламаттылық деңгейін анықтай алады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл ретте отбасының табысы мен мүлкі ғана емес, отбасы құрамы, балалардың, қарт адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың болуы сияқты әлеуметтік жағдайлар да ескеріледі. Бағалау алты бағыт бойынша 59-дан астам көрсеткішке сүйенеді.

Айта кетерлігі, есеп адамның өзі енгізген мәліметтер негізінде жүргізіледі әрі тек ақпараттық сипатқа ие. Калькулятор нәтижесі әлеуметтік төлемді тағайындауға немесе тоқтатуға негіз болмайды.

Ұқсас ақпараттар