Алматыда жол бойынан қару-жарақ пен гранаталар жасырылған орын табылды

Алматыда Астраханская көшесіндегі үйлердің бірінің маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жасырылған жері анықталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Полицияның мәліметінше, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жасырын орыннан ұңғысы кесілген ТОЗ-25 мылтығы, тапаншаға ұқсас зат және әртүрлі калибрдегі оқ-дәрілер табылған.

Бұдан бөлек, жарық-дыбыс гранаталары мен басқа да қауіпті заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас ақпараттар