Сенбі күні Францияда өмір сүру қымбаттап, жанармай бағасының өсуіне қарсы шыққан халықтың наразылығы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Наразылық акцияларына шамамен 550 мың адам қатысты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Париж, Марсель және бірқатар басқа қалаларда шеруге шыққандарды тарату үшін құқық қорғау органдары су атқыш машиналар мен көзден жасаурататын газ қолданды. Ал кейбір қалаларда тәртіпсіздіктер кезінде өрт қою және тонау оқиғалары тіркелді.
Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню ел бойынша 1 200 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 150 полиция қызметкері жарақат алған.
Франция президенті Эмманюэль Макрон елде зорлық-зомбылыққа орын жоқ екенін мәлімдеп, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолдау білдірді.

