Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту кезінде 42 жастағы жұмысшы бес метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ол ауруханаға жеткізіліп, нейрохирургия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер ота жасауы мүмкін.
Бір қызығы, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» басшылығы осы нысанда еңбек қауіпсіздігі талаптары сақталмайтынын айтып, құрылыс жұмыстарының ұйымдастырылуын сынға алған.

