Астанада Таиландтан Қазақстанға есірткі тасымалдауға қатысы бар екі азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Тергеу мәліметінше, 20 жастағы қыз ақшалай сыйақы үшін Таиландтан екі шабаданға жасырылған 4,7 келі каннабис экстрактын алып өтпек болған. Есірткі елорда әуежайында тәркіленді. Сот оны 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Ал 39 жастағы ер адам есірткіні Таиландтан Қазақстанға пошта арқылы жіберуді ұйымдастырған. Ол тыйым салынған заттарды тұрмыстық тауар ретінде бүркемелеген. Сот ер адамды 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, екі үкім де әзірге заңды күшіне енген жоқ.

