Еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Қазгидромет 17 облыс пен Алматы және Шымкент қалаларында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.

Алматы қаласында 1–3, Алматы облысында 1–6, Жетісу облысында 3–8, Жамбыл облысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау және өзге де бірқатар өңірде тұман түседі.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл күтіледі. Жетісу мен Жамбыл облыстарында жел екпіні 28 м/с дейін жетеді.

Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұқсас ақпараттар