Желідегі ақпарат бойынша 42 жастағы ер адам бес метрдей биіктіктегі құрылыс құрылғысынан құлап кетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ол облыстық ауруханаға жеткізілді.
Көліктегі полиция еңбектi қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — дейді департаменттегілер.

