200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Қазақстандықтар жәрдемақыдан өздері бас тартып жатыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

«Олар мемлекеттік көмектен мүлде бас тартып жатқан жоқ. Тек өздеріне тиесілі төлемді алуды тоқтатып, бұл көмектің шын мұқтаж отбасыларға бағытталғанын қалайды», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.

SMS арқылы жәрдемақыдан өз еркімен бас тартудың жеңілдетілген тәртібі енгізіліп отыр.

Азамат бас тарту туралы шешімін SMS-хабарламаға жауап беру арқылы білдіре алады.

Өз еркімен бас тартқандардың  төлемдері 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылады.

eGov пен eGov Mobile қосымшасында жәрдемақыдан бас тарту қызметі іске қосылғаны хабарланған еді.

Ұқсас ақпараттар