Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың жаппай ауруханаға түсуінен кейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде (РФММ) жүргізілген тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына жолдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары тамақтандыруды ұйымдастырған «Master Food» ЖШС-нің ас блогын тексеру кезінде өнімдерді сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптарының өрескел бұзылғанын анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша мектеп пен асхананың қызметін уақытша тоқтатуды, тиісті ілеспе құжаттары жоқ сүт өнімдерін тәркілеуді, жекелеген тағамдарды сатуға тыйым салуды және уақытша санитариялық шараларды енгізуді көздейтін бес қаулы қабылданды.

