Мобильді аударымға қатысты маңызды түсініктеме берілді

Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдар қандай жағдайда кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс ретінде танылуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Комитеттің мәліметінше, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабы 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған дербес, бастамашылық қызметі.

Осыған байланысты мобильді аударымның өзі автоматты түрде кәсіпкерлік табыс болып саналмайды. Алайда аударымдар жүйелі түрде түсіп, тауар, жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлем ретінде қабылданса, мұндай түсімдер кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс деп танылуы мүмкін.

Яғни мәселе аударымның жасалу фактісіне ғана емес, оның қандай мақсатпен және қандай сипатта түскеніне байланысты қаралады.

Ұқсас ақпараттар