Мектепке қарулы шабуыл жасалып, үш бала мен мұғалім қаза тапты

АҚШ-тың Орегон штатындағы бастауыш мектепте болған атыстан үш оқушы мен бір мұғалім көз жұмды. Тағы екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қайғылы оқиға Бенд қаласында болған. Қалалық полиция басшысы Майк Кранцтың айтуынша, шабуылдан қаза тапқан балалар 5, 8 және 11 жаста болған. Жараланған жеті жастағы оқушы мен 54 жастағы мұғалімнің жағдайы ауыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті мектептің құлыптаулы есіктеріне оқ атып, ғимаратқа кірген. Артынша жедел қызметке мектептегі атыс туралы ондаған хабарлама түскен.

Ұқсас ақпараттар