Астанада жалған шартпен 170 пәтерді иемденбек болғандар ұсталды

Қаржылық мониторинг агентігінің мәліметінше, «Төленді» кооперативінің экс-басшысы сыбайластарымен бірге әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға берілуі тиіс пәтерлерді иемденбек болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ол бұған дейін 2016 жылы 1,5 мың үлескердің 10 млрд теңгесін жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған.

Олар 80-нен астам адамның атына жалған шарттар жасап, олардың атынан полицияға арыз түсірген.

Сот шешімі арқылы жалпы құны 4,4 млрд теңгеден асатын 170 пәтерді өз атына рәсімдеп, сатпақ болған.

Жалған шартты сатып алғандарға 400 млн теңгеден астам шығын келді.

«Бұл іске полиция қызметкерлерінің де қатысы бары анықталды. Оларға қатысты лауазымын асыра пайдалану және дәлелдерді бұрмалау бойынша  тергеу басталды», — делінген мәлімдемеде.

Ұқсас ақпараттар