Қазақстан алтын қорының бір бөлігін сатуға шығармақ

Жақында Қазақстанның алтынға қатысты позициясынан өзгерістерді байқадық. Ұлттық банк халықаралық резервтегі алтын үлесін төмендетіп, оны сатуға көшуді жоспарлап отыр екен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бас банк жыл соңына дейін алтынның резервіндегі үлесін шамамен 3 пайызға қысқартып, 75 пайыз деңгейінде сақтамақ. Бұны басқа емес, жаһанға белгілі басылым Bloomberg хабарлады.

Бұл шешімге АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің артуы мен доллардың тартымдылығы, сондай-ақ резервтерді қайта теңгерімдеу қажеттігі себеп болыпты. Жоғарыда айтқанымыздай, осыған дейін Қазақстан әлемдегі ең ірі алтын сатып алушылардың бірі болып келген. Алайда Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, қазір алтынның резервтегі үлесі 78 пайызға жуықтап, тым жоғары деңгейге жеткен. Енді қайта төмендету қажет.

Қыркүйек айының соңында шетел валютасындағы резерв 66,4 млрд долларды құрап, Ұлттық банктің алтын қоры 386 тоннаға дейін өскен. Мұндай көрсеткіш активтердің бір ғана түріне тәуелді болып қалу қаупін тудыратындықтан, халықаралық резервтердің өтімділігін сақтау үшін қайта теңгерімдеу қажет болып отыр. Демек, шешімге қарасақ, Қазақстан түрлі активтердің ішінен алтынды тым молайтып сатып ала берген.

Ұқсас ақпараттар